Ссылки доступа

Ресей СІМ: "Талибан" Мәскеуде өтетін келіссөзге қатысады


Здание министерства иностранных дел России в Москве.
Здание министерства иностранных дел России в Москве.

"Талибан" қозғалысының Ауғанстандағы қанатының өкілдері қыркүйекте Мәскеуде өтетін келіссөзге қатысуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров мәлімдеді. Лавров Ресейдің "Талибанды" 4 қыркүйекте Ауғанстан бойынша өтетін кездесуге қатысуға шақырғанын және қозғалыс "дұрыс жауап қайырғанын" айтты.

Тәліптердің бұл ұсынысты қабылдағаны, я бас тартқаны әзірге расталмады. Ауғанстанның Ресейдегі елшісі Абдул Каюм Кучай "Талибанның" аталған келіссөзге қатысуын құптайтынын білдірді.

Ресей Сыртқы істер министрлігінің (СІМ) мәлімдеуінше, Мәскеу қыркүйекте өтетін келіссөзге ондаған елді, оның ішінде АҚШ-ты да шақырған. "Интерфакс" агенттігінің АҚШ Мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысына сілтеме жасап хабарлауынша, АҚШ аталған кездесуге қатысуға "ынталы емес".

2014 жылы НАТО күштерінің көп бөлігі Ауғанстаннан шығарылғаннан бері Батыс елдері қолдайтын Кабулдағы үкімет "Талибан" мен басқа да қарулы топтардың шабуылына тойтарыс беруге талпынып келеді. "Талибан" басшылығы бұған дейін Ауғанстан үкіметінің тіке бейбіт келіссөз бастау туралы ұсынысын қабылдамай, келіссөзге АҚШ та қатыссын деген шарт қойған.

XS
SM
MD
LG