Ссылки доступа

Өзбекстан телеарналарына Ислам Каримовтің есімін эфирде атауға тыйым салды


В мае этого года в Самарканде на торговцев, продававших памятные сувениры с изображением Ислама Каримова, наложили штрафы.

Осы аптада Өзбекстан ұлттық телерадиокомпаниясының құрамына кіретін барлық телеарналардағы редакторларға елді 27 жыл басқарған Ислам Каримовтің есімін эфирден атауға тыйым салды.

Бұл туралы "Озодликқа" телеарналардың бірінде жүргізуші болып істейтін қызметкер айтты. Оның айтуынша, Ислам Каримов есімін барлық бағдарламаларда айтуға болмайтыны туралы үкімді президенттің мемлекеттік кеңесшісі Хайриддин Султанов берген.

Тағы бір өзбекстандық телеарнаның бас редакторы жоғарыдан осындай бұйрық түскенін растады.

"Бұл кеңес емес, талап еді. Зиялы қауымның қарт буыны Каримовті жиі еске алады, сол себепті оларды эфирге жібермеу туралы барлық шараны қолдандық", - деді бас редактор.

Раньше в программах узбекских телеканалов часто показывали изображения Каримова.
Раньше в программах узбекских телеканалов часто показывали изображения Каримова.

Оның айтуынша, Каримов есімін эфирде айтпау туралы тыйым телеарналарда бір ай бұрын енгізілген.

"Ешлар" телеарнасы журналисінің сөзіне қарағанда, эфирде Каримовтің есімін атаудан бөлек, оның суреттерін көрсетуге де тыйым салған.

Өзбекстан ұлттық телерадиокорпорациясы басшылығынан бұл тыйымға қатысты пікір алу мүмкін болмады.

XS
SM
MD
LG