Ссылки доступа

Ашхабад биыл Тәуелсіздік күнін бір ай ерте тойлайды


Ашхабадта Тәуелсіздік күніне дайындық (мұрағат суреті)
Ашхабадта Тәуелсіздік күніне дайындық (мұрағат суреті)

Ашхабадтың ондаған тұрғыны "Дагдан" стадионына күнделікті жиналып, Тәуелсіздік күнін атап өтеуге дайындалады деп хабарлайды "Түркіменстанның балама жаңалықтары".

Басылымның хабарлауынша, дайындық жұмыстарына әр мекемеден 5-10 адам бөлінген. Сонымен бірге астанадағы жоғары оқу орындарының студенттері де тартылған.

Түркіменстанның Тәуелсіздік күні биыл бірінші рет 27 қыркүйекте аталып өтіледі. Осыған дейін, 26 жыл қатарынан Тәуелсіздік күні ресми түрде 27 қазанда атап өтілетін.

Ашхабадтағы Азатлык тілшісінің хабарлауынша, мемлекеттік мекеме қызметкерлері күнделікті және демалыс күндері де, сағат 15:00-те "Дагдан" стадионында болуы керек. Дайындық жұмыстары 45 градус аптап ыстықта да жүріп жатыр.

Былтыр Тәуелсіздік күні қарсаңында, дайындық жұмыстары кезінде бірқатар банктер, әлеуметтік қамтамасыз ету ұйымдары жұмыстарын уақытша тоқтатқан.

XS
SM
MD
LG