Гафурова финалға дейін Өзбекстан, Иран, Вьетнам спортшыларынан басым түсті.
Қазақстандық каратэші 2014 жылғы Азия ойындарында да жеңіске жеткен. Инчхонда Гафурова дәл осы Қытай спортшысын жеңген еді.
Қазір Қазақстан 6 алтын, 8 күміс, 28 қоламен жалпы есепте 11-орында келеді. Бұған дейін семсерлесуден Дмитрий Алексанин алтын алса, велоспорттан Алексей Луценко Джакартадағы Азия ойындарының екі дүркін чемпионы атанған. 25 тамызда джиу-джитсудан Дархан Нортаев пен Руслан Исраилова Азия ойындарында жеңімпаз болған.
Азия ойындарына 440 қазақстандық спортшы қатысып жатыр. Азия ойындары 2 қыркүйекке дейін жалғасады.