Ссылки доступа

Ашхабадта Тәжікстан елшілігі жанында кезек күткен әйел қайтыс болды (видео)


Ашхабадта Тәжікстан елшілігі жанында, виза үшін үлкен кезекте тұрған орта жастағы әйел есінен танып қалған еді. Азаттықтың түркімен қызметінің дереккөзі хабарлауынша, әйелді жедел-жәрдем алып кеткен. Бірақ жолда қайтыс болыпты.

«Ол Тәжікстанға оқуға түскен ұлына виза алып беру үшін, екі апта бойында кезек күтіп тұрған екен. Ол ұзақ күтіп, қатты күйзелгендіктен аузынан, мұрнынан қан кеткен», - дейді куәгердің бірі.

Тамыз айының соңғы күндері Ашхабадта Тәжікстан елшілігі жанында виза алушылар саны өте көп. «Адамдар 45-49 градус ыстықта виза күтіп тұрады. Мен өзім бауырыма виза алып беру үшін, 15 күн күттім», - дейді Тәжікстан жоғары оқу орындарының бірінде оқитын түркімен студенті.

Тәжікстан - түркімен жастары білім алуға көп баратын елдердің бірі. Тәуелсіз дереккөздің мәліметі бойынша, онда кемінде 4 мың студент білім алады.

XS
SM
MD
LG