Ссылки доступа

Тәжік супербатыры туралы бірінші комикстің тұсауы кесілді


Душанбенің "Ватан" кинотеатрында тәжік супербатыры туралы алғашқы комикстің премьерасы көрсетілді.

"Марди мехрубон" («Мейрібан адам») деп аталатын алғашқы тәжік комиксінің режиссері Жайхун (Джеймс) Насими үнемі қазіргі тәжік батырының образын сомдағысы келгенін айтады. Ақыры арманын жүзеге асырған.

Режиссердің сөздерінше, комикстің басты кейіпкері Жахонгир есімді бала шалғайдағы тәжік қышлағында аутизм дертімен туылған. «Бір күні ол бассейнге суға батып кетеді, осыдан кейін онда тылсым күш пайда болады. "Мейірбан адам" алыс қашықтықтан тірі жандардың қиналғанын сезіп, көмекке барады. Мұнан бөлек, ол жануарлардың, жәндіктердің тілдерін түсінеді. Жахонгир адамдарға көмектесетін робот жасайды. Бірақ Мейірбан адам мен робот көптеген кедергілерге тап болады", -дейді Жайхун Насими. Ол тәжік супербатыры Өрмекші-адамды еске түсіретінін мойындайды.

Комикс тарихы 82 беттен тұрады, үш тілде - тәжік, орыс және ағылшын тілдерінде түсіндірілген. Комикстің сценарийін Жайхун Насимидің өзі жазған. Комиксті Рамазан Валиев, Сангмамад Ошуров секілді тәжік суретшілері салған.

Режиссер Тәжікстанда комикстер өзге елдер сияқты аса танымал емес дейді. «Мәселен Жапонияда балалар комикстер ғана оқиды, көреді. Олар дамып кеткен», - дейді Жайхун Насими.

Былтыр Голливудте Жайхун Насимидің "Жеңілмеген” (“Unfallen”) деп аталатын фильмі көрсетілді. Бұл фильм - Тәжікстандағы азаматтық соғыс кезінде тағдырларын екіге бөлген ағайынды Рустам мен Сухроб жайында. Бірнеше жылдан кейін олар Ауғанстанда кездеседі. Бірі - тәлібтер жағында соғысса, екіншісі - америкалық әскер қатарында соғысып жүреді. Жайхун Насими 2000 жылдан бері Голливудта жұмыс істейді. "Арго операциясы" фильміндегі эпизодтық рөлі үшін "Оскар" сыйлығын алған.

XS
SM
MD
LG