Ссылки доступа

Макрон Мирзияевті Парижге шақырды


Франция президенті Эммануэль Макрон Шавкат Мирзияевті 1 қыркүйекте атап өтетін Өзбекстан тәуелсіздігінің 27 жылдығымен құттықтады. Макрон сонымен бірге Мирзияевті екі елдің қарым-қатынасын тереңдетуді талқылау үшін, Парижде күтетінін жеткізді.

«Франция мен Өзбекстан қарым-қатынасының жылдан жылға дамуын қош көремін. Әріптестіктен бөлек, екі елдің тауар айналымы жылдан жылға өсіп келеді. Біздің саяси диалогымыз одан сайын беки түсетініне сенімдімін. Үлкен құрметпен Сіздің Парижге ресми сапарыңызды күтемін», – делінген Франция президентінің құттықтау хатында.

Тамыз айының соңында өзбекстандық БАҚ Шавкат Мирзияев қазан айында Францияға барады деп жазған.

Мемлекет басшысының сапары қарсаңында үкімет екі елдің дамуына арналған «жол картасын» әзірлеп, бекітілгені де хабарланды.

Шілде айында Парижде бірінші рет Өзбекстанның сауда үйі ашылды.

XS
SM
MD
LG