Ссылки доступа

Тәжікстан үш ресейлік қаржы мекемесінің лицензиясын ұзартты.


Тәжікстандағы Ұлттық банк ғимараты. Душанбе қаласы
Тәжікстандағы Ұлттық банк ғимараты. Душанбе қаласы

Тәжікстанның Ұлттық банкі ақша аударумен айналысатын үш ресейлік қаржы мекемесінің лицензиясын ұзартты.

"Төлем орталығы", "Киви Банк" және "Юнистрим" коммерциялық банкіне Тәжікстанда ақша аудару, төлем карталары және банктің өзге де қызметін көрсетуге үш жылға рұқсат берді.

Биыл мамыр айында Тәжікстанның бірқатар коммерциялық банктері "Юнистрим" (Unistream) ақша аудару жүйесінен бас тартқан. "Юнистрим" өкілі Анна Щеглова себебін түсіне алмай жатырмыз деген. Бірақ Тәжікстанның Ұлттық банкінің жаңа талаптарынан кейін, қиындықтар болғанын хабарлаған.

Ұлттық банк болса, ақша аударуға қатысты талаптардың қатайтқанын, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында деп түсіндірді. Бірақ ақша аудару мекемелерінің қызметкерлері жаңа талапты орындау мүмкін емес, бұл комиссияның өсуіне әкеледі, ал шетелдегі мигранттар үшін бұл өте ауыр дейді.

XS
SM
MD
LG