Ссылки доступа

Өзбекстанда автобус аударылып, бірнеше жолаушы зардап шекті


Иллюстративное фото.
Иллюстративное фото.

Өзбекстанның Ферғана облысы Бешарык ауданында 40 жолаушысы бар автобус жол шетіне аударылып түсті. Оның ішінде жеміс жинауға шыққан әйелдер мен балалар болған. Жол апатынан 7 адам ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді.

Бұл оқиға 30 тамыз күні болған. Куәгерлердің айтуынша, Mercedes-Benz маркалы 18 адамға шақталған автобус жолдан шығып кетіп, ауралып түскен.

Дәрігерлер ауруханаға түскен жолаушылардың өміріне қауіп төніп тұрмағанын хабарлады.

Бешарык аудандық ішкі істер бөлімі бұл оқиға бойынша тергеу жүріп жатқанын хабарлады.

Жолаушылардың бардығы "Товул" ауылының тұрғындары, олар "Укчи" шаруашылығына өрік теруге шыққан.

XS
SM
MD
LG