Ссылки доступа

Түркияда шекарадан чемоданға тығылып өткісі келген өзбек қызы ұсталды


Гражданка Узбекистана, которую турецкие пограничники нашли в чемодане гражданина Турции.
Гражданка Узбекистана, которую турецкие пограничники нашли в чемодане гражданина Турции.

Өзбекстан азаматы Түркия аумағына чемоданға тығылып өтуге талпынған. Түрік ақпарат құралдарының хабарлауынша, шекарашылар өзбек әйелді 24 жастағы Грузия азаматының чемоданынан алып шыққан.

Бұл оқиға түрік-грузин "Сарп" шекарасында тіркелген. Хабарларға қарағанда, Грузияның Г.П. есімді азаматының әрекеті мен оның үлкен чемоданы шекарашылардың күдігін туғызған. Шекарашылар чемоданды ашып көрсетуін талап еткен.

Чемодан ішінен шыққан 27 жастағы Өзбекстан азаматы шекарашыларды таңқалдырды. Полиция бөлімінде бұл қыздың Түркияға кіруге бес жылға тыйым салынғаны анықталды. Түркия полициясы қыз бен жігітті қамауға алды. Оларға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Түрік-грузин шекара бекетінде бір жылда осыған ұқсас екі оқиға тіркелген. Өткен жылы мамыр айында Түркияда Ресей азаматы чемодан ішіне тығылып Грузияға өтуге талпынған. Былтыр желтоқсан айында Грузия азаматы Түркияға чемоданға тығылып өтпек болған.

XS
SM
MD
LG