Ссылки доступа

Тәжікстанда туған алып сәбиді екі әйел емізеді (видео)


Рустам
Рустам

Салмағы сегіз келі нәресте биыл шілде айында Куляб перзентханасында дүниеге келді. Баланы Рустам деп атаған, өйткені ол Фирдоусидің "Шахнамэ" эпосындағы кейіпкер секілді алып болып туған. Қазір оны екі әйел емізеді.

"Немерем туған түні біз қосымша дәрігерлер алдырдық, өйткені баланың салмағына қатты алаңдадық", - деп еске алды Рустамның әжесі ​Назира Имомназарова.

Немересі алып болып туғанына қарамастан, билік өкілдерінен ешкім құттықтамады, көмектеспеді дейді әже. Оның айтуынша, сәби анасының да, сүт анасының да сүтіне тоймай қалады, сол себепті сиыр сүтін сатып алуға туралы келеді. "Шығын көп. Мұндай жағдай басқа елде болса, билік назар аударып, көмектесер еді", - дейді әже.

8-килограммовый младенец вскармливается молоком двух женщин
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:28 0:00

Рустамның анасы Тахмина Одинаеваның айтуынша, баласы мен оның мүгедек әпкесі Шукронаны емізуден қолы босамайды. "Бізге күтуші бөлетін шығар деп үміттенгенбіз, олай болмады. Қазір енеміз екеуміз қарап жүрміз. Мүгедек боп туған Шукронаға қарауға уақыт табыла бермейді", - деді Тахмина.

Сәбидің әкесі Искандаршо Худойназаровтың айтуынша, жақында Рустамды астанада тексерген. Ата-анасы баланың әпкесі секілді мүгедек болып қалудан сескенеді. Бірақ дәрігерлер Рустамның дені сау екенін айтқан.

Салмағы 7 келі 200 грамм болған нәресте кесер тілігімен шілде айының басында дүниеге келді. Дәрігерлердің айтуынша, әдетте төрт айлық баланың салмағы сегіз келі болады. Рустам өзінің қатарластарынан ірі көрінеді, құтты бір жастағы бала секілді.

XS
SM
MD
LG