Ссылки доступа

Өзбекстанда мектеп хатшысы асылып қалған


Иллюстративное фото.
Иллюстративное фото.

Өзбекстанда Жизақ облысы Даштабад қаласындағы №50 орта мектепте хатшы болып істеген 29 жастағы қыз асылып қалған. Туыстары оны өлімге итермеледі деп отыр.

Бұл оқиға 31 тамыз күні болған. Қыз өз үйіндегі қорада асылып қалған.

Көршілері қалада қыз туралы тараған өсекке шыдай алмай өзіне қол жұмсады деп есептейді. "Қыз отырып қалған. Қалада ол мектеп басшыларының бірімен жүрген деген әңгіме тарады. Қыз бұл масқараға төзе алмаған".

Қыздың әкесі махалла белсенділерінің бірі. Ол сұхбат беруден бас тартты. Зааман аудандық ішкі істер бөлімі мектеп хатшысының өліміне қатысты тергеу жүріп жатқанын хабарлады.

Мектеп директоры Ульфат Халиков қызметкер өлімі әріптестерін есеңгіретіп тастағанын айтты. "Ол жақсы адам еді. Оның асылып қалғанын естіп, қатты қайғырдық. Оның мектеп басшыларының бірімен жүрген деген әңгіме шындыққа жанаспайды", - деді ол.

XS
SM
MD
LG