Ссылки доступа

Фирдоусидегі оқушы қыздардың кейбірі орамалын шеше бастады (видео)


Түркістан облысының Мақтарал ауданы Фирдоуси ауылында орамал таққаны үшін мектепке кіргізілмеген оқушылар орамалдарын шеше бастады. Бұл туралы осы ауылда іссапармен жүрген Азаттық тілшісі хабарлады.

Сәрсенбі күні таңертең осы ауылдағы Фирдоуси атындағы мектепке орамалмен келген жоғары сыныптың ондаған оқушы қызын мектеп басшылығы сабаққа кіргізбей қойған. Оқушылармен бірге олардың 20 шақты ата-анасы да жиналып, қыздарын мектепке кіргізуді талап еткен. Мектепті күзетіп тұрған полиция қызметкерлері ата-аналардың тарауын талап етуімен жиналғандар бірер сағаттан соң тарқады. Кеше күндіз де жиырма шақты әйел мектеп алдына жиналып, қыздарының мектепке орамалсыз кіруіне наразылық танытқан. Олардың сегізіне кеше кешке аудан орталығы Мырзакент кентіндегі полиция бөліміне жауап беруге шақырту қағазын тапсырған.

Бүгін сонымен қатар орамал тартқаны үшін мектепке кіргізілмеген үш мұғалім өздерін жұмыстан босату туралы арыз жазды. Азаттық тілшісіне бұл туралы мұғалімдердің өздері (аты-жөнін айтқысы келмеді) хабарлады және мұны Фердауси атындағы мектеп директоры Жанар Мамырова да растады. Бірақ ол мұғалімдер арызына қатысты әзірге шешім қабылдамағанын айтады. Мұғалімдер бұған дейін орамалмен жұмысқа келіп жүргендерін, жұмыста ешқандай кедергі болмағанын айтады.

Мектеп директорының айтуынша, мектепте барлығы 372 оқушы қыз бар. Олардың 203-і жоғары сыныптарда, 169-ы бастауыш сыныптарда оқиды. Қазірге дейін бастауыш сыныптағы орамал тартатын қыздардың түгелге жуығы, жоғары сыныптағы 200-ге тарта қыздың 80-ге жуығы орамалын шешкен.

Учениц таджикского села в Казахстане не допустили на уроки из-за платков
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:01:09 0:00

Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылы қаңтарда шығарған бірыңғай мектеп формасы ережесі туралы №26 бұйрығы былтыр күзде Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы кейбір мектеп әкімшілігі мен ата-ана арасындағы "орамал дауына" себепші болған. Аталған аймақтарда мектеп әкімшілігі сабаққа кіргізбей қойған ондаған оқушының ата-анасы сотқа арыз берген. Тұрғындар шағымын қараған соттар Білім және ғылым министрлігі мен мектептің ұстанымын қолдаған.

XS
SM
MD
LG