Ссылки доступа

Тәжік суретшісінің жартылай жалаңаш әйелдер бейнеленген туындылары сынға ұшырады (видео)


Тәжік суретшісі Маърифат Давлатова жартылай жалаңаш әйелдер бейнеленген туындыларын көпшілік назарына ұсынды. Көпшілік бұл шығармаларға тамсанса, кейбіреуі сынап жатыр.

"Бұл тақырыптағы менің бірінші картинам Венадаға көрмеге қойылды. Ол интернетте пайда болған уақытта, мен тәжік қоғамынан көптеген сын пікірлер естідім", -- деді Маърифат Давлатова.

Суретшінің айтуынша, жартылай жалаңаш әйелдердің суретін салу - оның қоғамдағы теңсіздікке наразылығы. "Мен әйелмін, жас жігіттер мен ересек адамдардың ашық киім киген қыздарды балағаттағанын талай мәрте естідім".

Ол инабаттылықты жақтаушылардың өзіне сурет салуды доғаруын бірнеше мәрте талап еткенін айтты.

"Бірақ мен мұндай стереотиптермен күрескенді ұнатамын. Кейбіреулер менен "мұндай қауіпті суретті неге саласың" деп сұрайды. Бірақ мен елдегі қорқынышты жеңуге болатынына сенімдімін. Өйткені біз зайырлы мемлекетте өмір сүріп жатырмыз", - деді Маърифат Давлатова.

Тәжік суретшісінің көрмесі Душанбедегі "Серена" қонақ үйінде 11 қыркүйекке дейін созылады.

XS
SM
MD
LG