Ссылки доступа

Қырғызстан кеден қызметінің бұрынғы басшысына іздеу жарияланды


Адамкул Жунусов
Адамкул Жунусов

Қырғызстанның экономикалық қылмыстармен күрес жөніндегі мемлекеттік қызметі Мемлекеттік кеден қызметінің бұрынғы төрағасы Адамкул Жунусовке іздеу жариялады.

"Қызметін асыра пайдалану" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу нұсқасы бойынша, Жунусов 2013-2016 жылдар аралығында кеден қызметінің шенеуніктерімен жемқорлық байланыс орнатқан. Сол арқылы мемлекетке 166 миллион сом (2,4 млн доллар) көлемінде материалдық шығын әкелген.

Адамкул Жунусов тергеу органдарынан тығылып жүр деп хабарланды.

Биыл 18 тамызда оған сырттай айып тағылды, Бірінші май аудандық соты 28 тамызда оны қамауға алу туралы үкім шығарды.

XS
SM
MD
LG