Ссылки доступа

АҚШ Ресейдің қорқытуына жауап ретінде Сирияда әскери оқулар өткізе бастады


АҚШ-тың қарулы күштері Ресейдің қоқан-лоққысынан соң Сирияның оңтүстігінде әскер оқулар өткізе бастады. Бұл туралы CNN америкалық әскери шенеунікке сілтеме жасап хабарлады.

Оның айтуынша, оқулар Ресей қорғаныс министрлігінің мәлімдемесінен соң жүргізіле бастаған. Ресей Сирияда америкалық әскер орналасқан аудандарға соққа жасауға әзір екенін мәлімдеген еді.

Оқулардың мақсаты - Мәскеуде АҚШ-тың Сириядағы мүмкіндігін көрсету, деп мәлімдеді Коалицияның орталық қолбасшылығының бас өкілі капитан Уильям Урбан.

Операцияға соққылаушы тікұшақтар да қатыстырылды. Оқулар Хомс провинциясында ұйымдастырылды. Оның жанындағы Эт-Танфта америкалық әскери база орналасқан.

XS
SM
MD
LG