Ссылки доступа

Өзбек соты есірткі үшін 13 жылға сотталған имамды ақтады


Имам Хикматулла Юсупов соттан кейін. Ташкент, 13 қыркүйек 2018 жыл.
Имам Хикматулла Юсупов соттан кейін. Ташкент, 13 қыркүйек 2018 жыл.

13 қыркүйекте Ташкент қалалық соты есірткі саудасына қатысы бар деп 13 жылға сотталған Хорезм имамы Хикматулла Юсуповты сот залынан босатты.

"13 қыркүйекте имамды сот залынан босатты. Қазір Хикматулла Юсупов Ташкентте. Бірер күнде Хорезмге қайтады," – деді имамның туыстарының бірі.

2016 жылдың ​25 қаңтарында Хикматулла Юсупов есірткі саудасына қатысы бар деп айыпталып, он үш жылға бас бостандығынан айырылған. 2017 жылы Ташкент соты алғашқы үкімді күшінде қалдырған.

Имамның әйелі Мехрибон Рахматуллаеваның ашық хатынан кейін, Өзбекстан Бас прокуратурасы Жоғарғы сотқа істі қайта қарау туралы арыз түсірген. Тергеу барысында Хикматулла Юсуповқа қатысты істің қолдан жасалғаны айқындалған.

Хикматулла Юсупов 1993 жылдан бері Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасына қарайтын мешіттер мен медреселерде жұмыс істеп келген. Жергілікті ақпарат құралдарының жазуынша, Хорезм облыстық әскери прокуратурасы Хикматулла Юсуповтың түрмеге отыруына арнайы қызмет өкілдері мүдделі болғанын анықтаған. Қазіргі кезде оларға қатысты қылмыстық іс қозғалған.

XS
SM
MD
LG