Ссылки доступа

Ұлыбритания "Петров" пен "Боширов" сұқбатына сенбейді (видео)


"Друзья давно советовали посетить собор": Петров и Боширов рассказывают о поездке в Солcбери
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:01:15 0:00

Ұлыбритания сыртқы істер министрлігі RT телеканалына Руслан Боширов пен Александр Петров дегендердің әңгімелеріне сенбейтінін айтып, Ресейді кезекті рет жалған айтып отыр деп айыптады.

Аты-жөні аталған азаматтарды британ полициясы Солсбери қаласында Сергей Скрипаль мен оның қызы Юлияны улады деп айыптайды.

Біріккен Корольдіктің сыртқы істер министрлігі екі күдіктінің ресейлік арнайы қызметтің өкілдері екенін, олардың Англия көшесінде химиялық қару қолданғанын айтады.

Солсбери депутаты Джон Глен күдіктілердің қаланың көрнекті жерлерін аралауға бардық деп мәлімдегендері шындыққа сәйкес келмейді деді. Оның айтуынша, олардың әңгімелері британ арнайы қызметінің ақпаратына еш сәйкес келмейді.

13 қыркүйекте RT телеканалы "Петров пен Боширов" деп таныстырғандардың сұқбатын жариялады. Наурыз айында Солсбериде не істедіңдер деген сұраққа, "турист ретінде 123 метр биіктігімен танымал мұнараны көруге бардық" деген. "Біз орта қол кәсіпкерлерміз", – деп жауап берген "Петров" пен "Боширов".

Таяуда Ресей президенті Владимир Путин Петров пен Боширов – азаматтық тұлғалар деп мәлімдеді.

Ұлыбритания прокуратурасы "Петров" пен "Боширов" Ұлыбританияға биыл 2 наурызда ресейлік төлқұжатпен келгенін, бірақ олардың шын аты-жөндері белгісіз екенін мәлімдеген. "Новичок" химиялық затын Nina Ricci иіссуының құтысы арқылы өткізген.

Сергей Скрипаль мен оған Мәскеуден келген қызы Юлия "Новичок" құрбаны болды. Бірақ Скрипаль отбасы аман қалды. 30 маусымда Солсбери маңында "Новичоктан" Дон Стерджесс пен Чарли Роули деген екі британдық уланған. Ресейліктер пайдаланып, лақтырып кеткен иіссудың құтысын жергілікті тұрғын Чарли Роули тауып алып, оны құрбысы Дон Стерджесске сыйға тартқан. Әйел бірден қайтыс болған. Ал Роули дәрігерлердің бақылауында.

XS
SM
MD
LG