Ссылки доступа

Тәжікстан президенті Хорогтағы криминалды бір айда жоюды тапсырды


Тәжікстан басшысы Эмомали Рахмон Таулы Бадахшан автономиялық облысының басшылығынан әкімшілік орталықта - Хорог қаласында бір ай ішінде заң мен тәртіп отрнатуды талап етті.

Президент жергілікті биліктің шағын қылмыстық топты жеңе алмай отырғанына қынжылыс білдірді.

Мемлекет басшысы ІІМ және ҰҚМК басшыларына Хорог қаласындағы криминалдық жағдайды жіті зерттеуді тапсырды. Оның айтуынша, 2 мың мемлекеттік қызметкер мен мыңға жуық құқыққорғау органының қызметкері 5-6 адамнан тұратын қылмыстық топқа әлі келмей отыр.

Тәжікстан басшысы Хорогтағы криминалмен күресті жеке өзі бақылайды. Рахмонның мәлімдеуінше, Хорогтағы криминалдың кесірінен шетел туристері онда бармай отыр.

XS
SM
MD
LG