Ссылки доступа

Өзбекстан жастар одағы сыннан қорғану үшін троллингпен айналысқан


Өзбекстанның жастар одағының мүшелері Facebook арқылы фейк аккаунттар ашып, троллингпен айналысқан. Жастардың айтуынша, одақ басшылығының тапсырмасы бойынша, әрқайсысы 4-5 фейк аккаунттар ашқан. Олар ұйым атына айтылған сындарға қарсы "шабуыл" жасап отырған.

Хорезм қаласының тұрғыны Шахзод Сабиров мұндай тапсырманы биыл мамыр айында Ташкент облысында өтекен медиа-лагерьде алғанын айтады. "Алғаш рет "троллдер" деген терминді сол семинардан естідім. Одақтың атқару комитетінің мүшесі Гүлчехра "Әрбір қатысушының Фейсбукте 4-5 профилі болу керек деді. Біз бәрін сол күні ашу керек болдық", – дейді Шахзод Сабиров.

23 жастағы Шахзод Сабиров - «Ёшлар» студиясының Хорезм облысы бойынша тілшісі. Ол сонымен бірге Хорезм қалалық «Менинг юртим» телеканалының тілшісі. Мұнан бөлек ол YouTube каналында өзінің видеоблогын жүргізеді.

Биыл мамыр айында Өзбекстан жастар одағы ұйымдастырған семинарға әр аймақтан 150 жас қатысқан. Семинарды ұйымдастырушылар аймақтардан келген жастарға әлеуметтік желілерге одақ беделін көтеретіндей посттар жазуды тапсырған.

Жастар одағының Орталық кеңес мүшесі Гүлчехра Ашурова айтылған пікірлердің бәрін теріске шығарды. "Үшкүндік семинарда әртүрлі тақырыптар болды. Әлеуметтік желілерде аккаунттар ашу жөнінде тақырып тек бірі ғана. Біз онда фейк аккаунттар жайлы сөз қозғамадық", – дейді ол.

XS
SM
MD
LG