Ссылки доступа

Сауд Арабиясы Қырғызстандағы мектеп құрылысын қаржыландырады (видео)


Қырғызстан мен Сауд Арабиясының даму қоры арасында мектеп құрылысына қатысты несие келісімі 2017 жылы мамырда қабылданған. Сол жылы маусымда парламент оны мақұлдаған, сол кездегі ел президенті Алмазбек Атамбаев заң жобасына қол қойған.

Келісім бойынша, қор жеңілдік негізінде 30 млн доллар (2,1 млрд. сом) несие беруі керек. Үкімет 2019 жылға дейін елдің түрлі өңірлерінде 16 мектеп салуы тиіс. Бірақ жыл бойы ақша аударылмаған, құрылыс жүргізілмеген.

Құрылыс жөніндегі мемлекеттік агенттіктің қызметкері Токтомамат Зикирбаевтың айтуынша, қор ақшасына 16 мектеп емес, 27 білім мекемесінің ғимараты салынады. Үкімет осындай шешім қабылдаған.

Сауд Арабиясының даму қоры бұнымен келіскен. Олар қаржы аударған уақытта құрылыс жұмыстары да басталады. Мектеп құрылысына тендер жеңімпазы жыл аяғына дейін жарияланады.

XS
SM
MD
LG