Қытай қорғаныс минстрлігінің ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жобалар дайындайтын басқармасына, сонымен бірге оның басшысы Ли Шаньфуға тыйым салынған. Бұл бөлім Ресейдің “Рособоронэкспорт“ компаниясымен "ірі көлемде" келісімге отырған делінеді. Атап айтқанда, Қытай Ресейден өткен жылы он Су-35 ұшағын және биыл С-400 әскери кешенін алған.
Осылайша АҚШ Ресеймен әріптестік орнатқан бірінші елге алғаш рет санкция салып отыр.
"Түптеп келгенде, Қытай емес, Ресейдің өзі бұл санкциялардың нысанына айналып отыр", - деді АҚШ әкімшілігінің өкілі Reuters агенттігіне.
Вашингтон Ресейден ЗРК С-400 әскери кешенін алуға келісім-шартқа отырған Түркияға үлкен қысым жасап отыр. Қытайға салынған санкциялар Анкараны райынан қайтаруды да көздейді.