Ссылки доступа

Мәскеу түбіндегі өрттен екі өзбекстандық, оның ішінде сәби қаза тапты


Мәскеу түбіндегі Мытищи қалалық округінде бір мың шаршы метрлік қойма өртеніп, екі өзбекстандық, оның ішінде бір сәби қаза тапты деп хабарлайды РИА Новости агенттігі аймақтағы төтенше жағдай қызметіне сілтеме жасап.

«Темірбетоннан жасалған бір мың шаршы метрлік қойма өртеніп, екі адам қаза тапты. Оның ішінде сәби де бар. Екеуі де Өзбекстан азаматы», – деп хабарлаған төтенше жағдай қызметі.

Қазіргі кезде өрт сөндірілген. Төтенше жағдайдың себебі анықталып жатыр дейді.

XS
SM
MD
LG