Ссылки доступа

ЕО Иранмен АҚШ санкцияларын айналып өтетін есеп айырысу мекемесін құрады


Глава дипломатии ЕС Федерика Могерини
Глава дипломатии ЕС Федерика Могерини

Еуропалық Одақ Иранмен есеп айырысу үшін АҚШ санкцияларын айналып өтетін қаржы институтын құрады. Бұл туралы сейсенбіге қараған түні ЕО сыртқы саясат жөніндегі жоғарғы өкілі Федерика Могерини мәлімдеді.

Ұлыбритания, Франция, Германия, Ресей және Қытай өкілдері арнайы мәлімдемеде Тегеран келісім шарттарын орындайтынын растады. Бұның алдында ол келісімнен АҚШ шығып кеткен еді. Аталған бес ел Иранның мұнайы мен газын экспорттауды қолдауға келіскен.

Ұлыбритания, Франция, Германия, Ресей және Қытай, солармен бірге АҚШ президенті Барак Обама 2015 жылы Иранмен осы келісімді қабылдаған. Құжат ядролық бағдарламадан бас тартқан Ираннан санкцияларды алып тастауды қарастырады. Биыл мамыр айында АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен арадағы ярдролық келісімнен шығатынын мәлімдеді. Вашингтон одақтастарынан Ираннан мұнай сатып алмауды талап етіп, санкциялармен қорқытты.

Еуропалық инвестициялық банкі Ирандағы еуропалық кәсіпорындардың жобаларын қолдауды бас тартып үлгерді. Бұның алдында ​ Volvo швед компаниясы Иранда жүк көліктерін құрастыруды тоқтатқанын мәлімдеді. Volvo Вашингтон енгізген санкцяларға байланысты Иранмен ақша айырбас жүргізе алмай отыр.

XS
SM
MD
LG