Ссылки доступа

Өзбекстанда оқушыны ұрған мұғалімге қарсы қылмыстық іс қозғалды


11-летний Б.Х., избитый своим учителем, до сих пор остается в состоянии комы.
11-летний Б.Х., избитый своим учителем, до сих пор остается в состоянии комы.

Өзбекстанның Хорезм облысы Багат ауданының прокуратурасы 5 сынып оқушысын ұрған 36 жастағы мұғалімге қарсы қозғалған қылмыстық істі бақылауға алды. 20 қыркүйекте соққы жеген бала комада жатыр.

Өзбекстан Бас прокуратурасының хабарлауынша, 28 қыркүйекте Багат аудандық ішкі істер бөлімі 11 жастағы баланың мектеп оқушысынан соққы жеуіне қатысты қылмыстық іс қозғаған. Спорттық мектеп-интернатта және Хорезм облысы спорт және дене шынықтыру басқармасында тексеру басталды.

Баланың "Қыпшақ" ауылындағы ата-анасы оны биыл қыркүйекте мектеп-интернаттық дзюдо сыныбына берген. Мұғалім баланы бірінші сабақ күні-ақ жақтырмай қалған, дейді баланың ата-анасы.

"Сен тенниске ауыс, дзюдоға шыдамайсың" деген мұғалім. Бірақ баланың әкесі оған қарсы болған. Одан соң мұғалім баланы басқа да 40 оқушының алдында ұратын болған. 20 қыркүйекте ол баланы естен танғанша сабаған", - деді оқушының туыстарының бірі.

Багат аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері 11 жастағы бала әлі комада жатқанын хабарлады. Оны ауруханаға мектеп мұғалімі жеткізген.

"Баланы ауруханаға әкелген уақытта ол есін білетін. Біз одан не болғанын сұрағанда, ол мұғалімге қарап: "Құлап қалдым" деді. Мұғалім баланың эпилепсиямен ауыратынын, талмасы ұстағанда құлап қалғанын" айтты. Ол бала ешқашан эпилепсиямен ауырмаған. Дәрігерлердің бірі жағдайды дұрыс тексерместен, балаға укол салған. Бала таңға таман есін жиды", ​– деді бас дәрігер. Кейін балаға дене жаттығуын жасауын өтінгенде, ол күтпеген жерден комаға түскен. Оның миына қан құйылған екен.

Дәрігерлер баланың туыстарына науқастың өмірі аз қалғанын айтқан. Туыстары оқушының бетіндегі көгерген белгілерді байқаған.

11 жастағы баланың туыстары жергілікті шенеуніктер бұл істі жылы жауып қойғысы келгенін, қылмыстық іс сегіз күннен соң қозғалғанын айтты. Баланы ұрған мұғалім бостандықта жүр.

Тексеру барысында мектеп-интернатта балаларды ұру қалыпты жағдай болып кеткені анықталды. Бұл тралы прокуратураға оқушылардың өздері айтқан.

XS
SM
MD
LG