Ссылки доступа

Ошта мүгедектерге арналған көп қабатты үйді лифтісіз салған


Қырғызстанның Ош қаласында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған көп қабатты үйлерде лифті жоқ. Бұл туралы нысынды барып көрген "Азаттык" тілшісі хабарлады.

Ош қаласының "Анар" шағын ауданында мүгедектерге бес немесе алты қабатты үйлер тұрғызылды. Пәтерлер I және II топтағы мүгедектерге, соның ішінде жүре алмайтындарға беріледі. Азаттык тілшісінің хабарлауынша, бұл үйлерде мүгедектерге жағдай жасалмаған.

Ош әкімшілігі бұл мәліметті тексеруге уәде берді. Тілші кейбір пәтерлердің жалға берілгенінің куәсі болған.

1 қазанда Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті алты қабатты үйдегі пәтерлердің жарымы заңсыз берілгенін хабарлады. Тергеу сегіз азаматтың жылжымайтын мүлкі жоқ екені туралы жалған анықтама өткізгенін, 32 адам пәтер алмастан бұрын Ош, Жалал-Абад облыстарында және Бішкек қалаларында тіркеуде тұрғанын анықтаған.

Бұған қоса тоғыз адам III топтағы мүгедектікпен пәтерлерді заңсыз алған.

Ош қалалық прокуратурасы қылмыстық іс қозғады.

XS
SM
MD
LG