Ссылки доступа

Эмомали Рахмон Хиросимаға барды


Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның Жапонияға сапары Хиросимадан басталып, әрі қарай Киото және Токио қалаларында жалғасады. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

3 қазанда ел президенті Жапония халқының мәдениеті мен тарихына құрмет ретінде "Бейбітшілік паркінде" атом бомбасы құрбандарына арналған мемориалға гүл қойды.

"Хонсю аралында орналасқан Хиросима - Жапонияның қазіргі заманға сай дамыған қалаларының бірі. 1945 жылы 6 тамызда, Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталар тұста, қала атом бомбасымен толықтай бұзылды. Құрбандарды еске алу мақсатында "Бейбітшілік паркі" салынды", - делінген баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Парк аумағында Хиросима мұражайы орналасқан, онда 1945 жылғы трагедия туралы көптеген суреттер мен мүсіндер жинақталған.

XS
SM
MD
LG