Ссылки доступа

Минск Бішкектің экс-премьер Усеновті беру туралы өтінішіне жауап бермеді


Беларусьтің ресми органдары Қырғызстан Бас прокуратурасының бұрынғы премьер-министр Данияр Усеновті елге қайтару туралы ұсынысына жауап бермеген. Бұл туралы қырғыз прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

Белорусь ақпарат құралдары 27 шілдеде Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі Данияр Усеновке қатты ұқсайтын адамның суретін жариялады. Ол 2010 жылы президент Құрманбек Бакиев пен оның үкіметін құлатқан толқулар кезінде елден қашып кеткен. Тілшілердің бірі өзін кәсіпкер Даниил Урицкимін деп таныстырған бұл адаммен сөйлескен.

Қырғызстанның сыртқы істер министрлігі 28 шілдеде Беларусьтің Бішкектегі уақытша өкілі Сергей Ивановты шақыртып алды. Қырғыз тарапы наразылық нотасын табыстап, Қырғызстанда өмір жазасына кесілген адамның басқа атпен Беларусьте еркіндікте жүруіне реніш білдірген.

Данияр Усенов 2010 жылғы оқиғалардан соң ауыр қылмыстарға айыпты деп танылды. Содан бері оның суреті алғаш рет - биыл жарияланып отыр.

XS
SM
MD
LG