Ссылки доступа

Қырғыз-өзбек шекарасындағы даулы аймақтың жолдары жөнделе бастады


Өзбекстанмен шекаралас әрі даулы аймаққа жататын Қырғызстанның Жалал-Абад облысы Ала-Бука ауданы, Кок-Таш ауылындағы жолдар жөнделе бастады.

Гава учаскесіндегі тасжолдың 300 метр аралығы жөнделе бастаған. Бұл жөнінде облыс әкімінің бірінші орынбасары Мамасалы Акматов хабарлаған. Оның айтуынша, осы уақытқа дейін өзбек тарабы жолдарды жөндеуге қарсылық білдіріп келген. Кок-Таш ауылында 4 мыңдай адам тұрады.

«1 қазанда бұл жерде Өзбекстанның Наманған облысы басшыларымен кездесіп, тұрғындарды бітімге шақырдық. Нәтижесінде қырғыз тарабы жолды жөндейтін болып, ал өзбек тарабы жолдың бойынан ағып өтетін каналды жөндейтін болып келістік», - деді Акматов.

Екі мемлекет арасындағы шекараның жалпы қашықтығы - 1378 км, оның 1170 км немесе 85 пайызы келісілген.

XS
SM
MD
LG