Ссылки доступа

Тәжікстанда оқушылар тәртібі үшін милиция өкілдері жазаланған


Душанбеде мектеп оқушылары тарапынан жасалынған тәртіпсіздікті дер кезінде алдын алмады деп 17 милиция қызметкері жауапқа тартылған. Астана билігінің бұйрығы бойынша, 1 қыркүйектен бастап 500 тәртіп сақшысы 140 мектеп пен өзге де оқу орындарын қадағалау керек болған.

«Тәртіп сақшылары оқу кезінде оқушылардың жүріс-тұрысын, тәртібін қадағалау керек болған. Бірақ оқушылар әкімшілік заң бұзушылық пен қылмыстар жасаған», - деп хабарлайды Тәжікстан ІІМ-дегі дереккөз.

Оның сөзінше, Душанбе әкімінің бұйрығы бойынша, мектеп оқушылары тәртіп бұзған жағдайда, сол оқу орнын қадағалайтын тәртіп сақшылары жазаға тартылады немесе қызметінен алынады.

Мектеп мұғалімдері апта сайын милиция өкілдеріне қандай сабақ өтпеді, не үшін өтпей қалғанын түсіндіріп, есеп береді.

Астана билігінің өкілі мұндай тексерулер жасөспірім арасындағы қылмыстың алдын алуға көмектеседі деп түсіндіреді. Душанбе қаласы ішкі істер басқармасының өкілі Шариф Назарзода келтірген мәліметі бойынша, жыл басынан бері 10 мыңнан астам жасөспірім тәртіп бұзып, қылмыс жасаған.

XS
SM
MD
LG