Ссылки доступа

Тәжікстанда үш ауыл тұрғыны бұзауды шұңқырдан шығарам деп қаза тапты (видео)


Қайғылы оқиға Тәжікстанның Жәми ауданына қарасты Навобод қышлағында болды. Үш ауыл тұрғыны шұңқырға түсіп кеткен бұзауды шығарам деп қаза тапқан.

Навобод жамағанының ауласында бұзау әжетхананың шұңқырына түсіп кеткен. Үй қожайынына көмектесуге көрші үш жігіт келген, бірақ бұзауды құтқармақшы болған олар шұңқырға батып кетіп қаза тапқан.

Ауруханадан енді ғана шыққан Махмадсаид Самадов 28 ұлының қазасын ауыр күрсініп еске алды. Марқұмның артында екі баласы қалды.​

"Кеш уақыты еді. Көрші үйден көмек сұраған дауыс естілді. Ұлым бірінші барды. Бірнеше адам жиналып, әжетханаға түсіп кеткен бұзауды құтқаруға тырысты, бірақ өздері соған түсіп өлді. Әуелі көрші баласы ​Сухроб түсіп кетті, менің ұлым оны құтқарам деп артынан кетті. Мен де көмектеспекші болдым, бірақ есімнен танып қалып, ауруханада бір-ақ көзімді аштым. Үш адам қаза тапты", - деді ол.

60 жастағы Сафаргул Хафизованың екі ұлы да - 24 жастағы Сухроб және 17 жастағы Мұхаммаджон сол оқиғадан қаза болды. Марқұмдардың әкесі Хусейн Исмоилов екі ұлын құтқарып қала алмағаны үшін өзін кешірмейтінін айтты.

Дәрігерлер үш адамның улы газдан өлгенін анықтады. Шұңқырға құлап кеткен төрт адамның біреуі ғана аман қалған.

Трое сельчан погибли, пытаясь спасти из выгребной ямы теленка
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:03:00 0:00

XS
SM
MD
LG