Ссылки доступа

Қазақстан Сайрагүл Сауытбайға босқын мәртебесін бермеді


Қазақстан Қытай азаматы, этникалық қазақ Сайрагүл Сауытбайға босқын мәртебесін беруден бас тартты.

Сайрагүл Сауытбайдың өзіне босқын мәртебесін беруді сұрап жазған өтінішін қазанның 4-і күні Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласында Көші-қон комитетінің жанынан құрылған комиссия қарап, оны қанағаттандырудан бас тартаны туралы Сауытбайдың адвокаты Абзал Құспан хабарлады.

Биыл жазда "Қазақстан шекарасын кесіп өткен" деген айыппен жауапқа тартылған Сайрагүл Сауытбайдың Алматы облысындағы сот кезінде берген куәліктері Қытайдың Шыңжаң аймағындағы "саяси тәрбие лагерлері" туралы ақпаратты ашуға себеп болған.

Тамыз айында Алматы облысының Панфилов аудандық соты Сауытбайды Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өтті деп айыптап, алты ай бас бостандығынан айыруға, бірақ оны "жазасын жеңілдететін ерекше жағдайына" байланысты шартты жазаға алмастыруға үкім кескен. Сот Сайрагүл Сауытбайды Қытайға депортацияламай, Қазақстанда қалдырған.

Сайрагүл Сауытбай Қытайдан Қазақстанға 2018 жылы сәуір айында қашып өткен. Алматы облысында өткен сот кезінде ол мыңдаған этникалық қазақ, ұйғыр және өзге мұсылмандардың Қытайдың солтүстік-батысындағы аймағында "саяси тәрбие лагерлерінде" отырғаны туралы мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG