Ссылки доступа

Түркіменстанда бюджет қызметкерлері демалыста мақта теруге шығып жатыр


Түркіменстанның Лебап уәлаятында жергілікті билік тұрғындарды мәжбүрлі түрде мақта теруге шығарып жатыр деп хабарлайды Азаттықтың түркімен қызметінің (Азатлык) осы аймақтағы дереккөзі.

Дереккөздің айтуынша, мұғалімдер, дәрігерлерді демалыс күндері мақта алқабына шығарады. Аймақтық зауыт қызметкерлері мен кәсіпкерлерді де мақта теруге мәжбүрлеген. «Қазан айы басталды, алқапта мақта жоқ десе де болады. Тек қалдықтары қалған», - дейді дереккөз.

Бірақ соған қарамастан мақта терушілердің әрбіріне күніне 30-50 келі жинау тапсырылған.

Азатлык тілшісімен сөйлескен мұғалімдердің бірі «халық құлдық еңбектен шаршады» деген. Мұғалім мақта теру кезінде күндік талапты орындамаса, әрбіріне 20 манат көлемінде айыппұл салынатынын айтқан. (Түркіменстан Орталық банкі бағамы бойынша 3.5 манат 1 АҚШ доллары - ред).

XS
SM
MD
LG