Ссылки доступа

Тәжік-өзбек шекарасында минадан тазалау жұмыстары жүріп жатыр


Тәжікстан билігі Өзбекстанмен бірлесіп, екі ел шекарасы маңайын минадан тазалау операциясын бастағанын мәлімдеді.

Өзбекстанның Самарқан облысымен шекаралас Тәжікстанның Соғды облысы Пенджикент ауданын минадан тазалау жұмыстары басталып кетті деп хабарлайды ТР ұлттық қауіпсіздік комитеті.

Алайда тәжік-өзбек шекарасында миналанған аумақтың жалпы көлемі жайындағы ақпарат құпия қалып тұр. Ресми емес мәлімет бойынша, миналанған аумақтың көлемі 9,5 шаршы шақырымды құрайды.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің Тәжікстанға ресми сапары барысында 2019 жылдың соңына дейін шекараларды минадан тазалау жұмысын толық аяқтау жөнінде келісімге келген.

Өзбекстан Тәжікстанмен шекаралас аумақты өткен ғасырдың 90-жылдардың соңында миналап тастаған. Сол кезде ресми Ташкент осылайша Өзбекстанның Ислам қозғалысы содырларын аймаққа өткізбейміз деп мәлімдеген. Тәжікстанның ресми мәліметі бойынша, соңғы 20 жылда минадан 800 тәжікстандық зардап шеккен.

XS
SM
MD
LG