Ссылки доступа

Қырғызстан азаптаудың экономикалық шығынын есептеді


Бішкекте азаптаулардың құқықтық, медициналық және әлеуметтік салдары туралы зерттеу таныстырылды. Мамандар азаптауға ұшыраған азаматтардың шығынын есептеп шығарды.

Баяндамада азаптау ауырлығына қарай бірнеше топқа бөлінген. Мысалы. жабық мекемеде ауыр азапталған адамның шығыны 4 млн сом (шамамен 58 мың доллар) деп есептелді. Оған медициналық, құқықтық қызметтер, жұмыс істеу қабелітенін айрылуына байланысты шығындар кіреді. Мемлекет азаптаулардан 2,6 млн сом шығын тартады.

Зерттеу авторларының айтуынша, жыл сайын азаптау құрбандарына миллиондаған сом өтемақы төленеді. Сол себепті оның экономикалық салдарын есептеу қолға алынған. Бірқатар сарапшылар келтірген деректер бойынша, соңғы алты жылда прокуратураға шамамен 1900 адам азаптау бойынша шағым түсірген.

Зерттеуді Азаптаудың алдын алу ұлттық орталығы "Сорос Қырғызстан" қорының қолдауымен жүргізді.

XS
SM
MD
LG