Ссылки доступа

Түркіменстан студенттерін Тәжікстанға сабаққа жібермей отыр


Жүздеген түркімен студенттері Тәжікстанға сабаққа бара алмай отыр. Тамыз айының соңынан бері Түркіменстанның шекара қызметтері Тәжікстан қалаларына оқуға түскендерді өткізбей отыр.

"Менің інім биыл Тәжік мемлекеттік университетіне түсті. Ол үш мәрте Тәжікстанға өтуге талпынды, бірақ түркімен шекарашылары оның Душанбеге бара жатқанын біліп қойып, кері қайтарған. Оның құжаттары дұрыс", - деді Түркіменстан тұрғыны.

Оның айтуынша, Тәжікстанда оқитын түркімен студенттері үшін шекара 28 тамыздан бері жабық тұр. Түркімен билігі шамамен 1 мың студентке Тәжікстанға оқуға баруға жол бермей отыр. "Неге деген сауалға шекарашылар: "Президент Бердымұхамедовтен сұраңыз" деп жауап берген", - деді ол.

Тәжік медициналық университетінің халықаралық бөлімі Түркіменстаннан ондаған студент оқуға келмегенін растады. "Олар виза ала алмаған болар. Себебін біз білмейміз", - деді бөлім қызметкері.

XS
SM
MD
LG