Ссылки доступа

Украина прокуратурасы арсеналдағы жарылыстан соң қылмыстық іс қозғады


Взрыв на складе боеприпасов (архивное фото)
Взрыв на складе боеприпасов (архивное фото)

Украинаның орталық аймағының әскери прокуратуарсы Чернигов облысындағы қару-жарақ қоймасындағы жарылысқа байланысты қылмыстық іс қозғады.

Бұл туралы мекеме сайтында хабарланды. Кінәлілер бес жылдан жеті жылға дейін түрмеге қамалуы мүмкін.

Чернигов облысындағы Ичня елді мекенінде әскери қойма жарылған. Жауынгерлер мен жергілікті тұрғындар зардап шеккен жоқ.

Жарылыстар техникалық аймақта болған, көлемі нақты белгісіз. Елді мекеннен он мыңға жуық адам көшірілді. Жолдар жабық. Қоймада 88 мың тонна қару-жарақ сақталған.

Украина әскерінде қару-жарақ қоймасы бұған дейін де жарылған. Өткен жылы қыркүйек айында Калиновка қалашығының түбіндегі ірі қару-жарақ қоймасы өртеніп кеткен.

Осы оқиғалардан соң үкімет нысандарды сақтауға 100 миллион гривен бөлген.

XS
SM
MD
LG