Ссылки доступа

“Алауыздық тудырды" деп айыпталған сотталушы істі қайта қарауды сұрады


Қазанның 9-ы күні Шымкенттегі Абай аудандық сотында "діни алауыздық тудыру" айыбын мойындаған 29 жастағы сотталушы Имран Музаффаров судьядан істі қайта қарау туралы талап-тілек түсірді деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Сотталушының адвокаты Закир Асадовтың Азаттыққа айтуынша, айыпталушы тарап судья Эленова Бакироваға істі қайта қарау туралы талап-тілек түсірді. Талап-тілекті қабылдаған судья істі қарауды бір апта кейінге қалдырды.

Қазанның 3-і күні іс бойынша жарыссөз өтіп, онда прокурор Фараби Әйтімбетов айыпталушының 2014 жылдан бері "әлеуметтік желі арқылы әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздыратын материалдарды таратқаны анықталғанын", сот отырысында бұның "дәлелденгенін" мәлімдеген. Прокурор айыпталушы өз айыбын толық мойындағанын ескеріп, оған үш жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұраған.

Адвокат Закир Асадов Имран Музаффаровты айыптайтын дәлелдер толық емес деп есептейді. Дегенмен, ол сотта айыпталушы айыбын толық мойындағанын және істеген ісіне өкінетінін, кәмелет жасқа толмаған екі баласы бар екенін ескеріп, соттан шартты жаза кесуін сұраған.

Имран Музаффаровтың қамауға алынғанына бес ай болған.

XS
SM
MD
LG