Ссылки доступа

Түркіменстанда қанша көшет отырғызғанымен талдар азайып барады


Түркіменстан билігі жыл сайын миллиондаған көшет отырғызамыз деп мәлімдейді, бірақ астана тұрғындары жасыл бау-бақшалар азайып барады дейді.

Қазіргі уақытта Ашхабадта тұрғын үй құрылысына байланысты жүзжылдап тұрған талдарды кесіп жатыр. Қыркүйек айында Ботаникалық бақ маңындағы ағаштардың да кесілетіні белгілі болған.

Ашхабад тұрғынының айтуынша, халық көп орналасқан шағын аудандарда жасыл саябақтар жоқ. Әсіресе жазда халыққа қиынға соғады дейді.

Ал Түркіменстан билігі соңғы 20 жылдан бері елге миллиондаған көшет отырғызып келеміз деп мәлімдеді. Ел президентінің қатысуымен жылына екі рет "Ёвар" көшет отырғызу сенбілігі өтеді.

Ресми мәліметке қарағанда, биыл көгалдандыру кампаниясы бойынша 3 млн тал еккен. Оның 1,5 млн көшеті президент отыратын әкімшілік орталық маңына отырғызылған.

XS
SM
MD
LG