Ссылки доступа

Азия: Қытай арнайы лагерьлері барын мойындады (жинақ)


Аймақтардағы бұқаралық ақпарат құралдары үшін материалдарды толық немесе жартылай пайдалануға толық рұқсат беріледі. Қолданушылардың сұрауы бойынша бейне-роликтердің түпнұсқасын ұсына аламыз. Сонымен бірге Директ коллекциясындағы кез-келген видеоны пайдалана аласыздар.

- Азия: Қытай арнайы лагерьлері барын мойындады. Қытай билігі ел аумағында саяси түзету лагерьлері барын алғаш рет мойындады. Оған этникалық ұйғырлар, қазақтар, қырғыздар және Шыңжаңдағы түркітілді мұсылмандар түседі. (видео Настоящее время)

- Америкалық астронавтарды Халықаралық ғарыш станциясына жеткізу жөніндегі келісімнен айрылу Ресей үшін қанша тұрады? (видео Настоящее время)

- 14 жастағы Мадина Иракта сотталған анасының тағдырына алаңдайды. (видео ТР)

- AzatNews 11.10.2018. (Қазақстан жаңалықтары)

- Қаражаттарын қайтара алмай жүрген үлескерлер. Астанада бір топ үлескер тұрғын үй құрылысына салған қаражаттарын қайтара алмай жүр. Наразылар "Жағалау" көп қабатты үйін салып жатқан құрылыс кооперативінің кеңсесіне тағы барды. (видео)

- Ақау шыққан "Союз" ғарыш кемесі. (фотокөрме)

- ТМД елдерінде Конституцияны президентпен билігіне ыңғайлап өзгерту қалай жүрді? (видео Настоящее время)

- "Қазақ журналистер клубы" не үшін құрылды? (видео)

- Шерхан Мұртазаның өмірі мен өнегесі. Жазушы Шерхан Мұртаза 86 жасында дүниеден өтті. Ол 1932 жылы Жамбыл облысына қарасты Жуалы ауданында дүниеге келген.​ Қазақстанның жоғарғы кеңесінде, кейін парламент мәжілісінде депутат болған. Жазушы "Қызыл жебе", "Тамұқ", "Ай мен Айша", "Қара маржан" тәрізді бірнеше роман жазған. Одан бөлек ондаған әңгіме-повестері бар.​ (видео)

- Дзюдошы Бекарыс Садуақастың жеңісі. (фотокөрме)

- Үлескерлер жаңа әкімге шағымданды. "Азбука жилья" құрылыс компаниясының жетпіс шақты үлескері Астана қалалық әкімдігіне келді. Бұл жолы бірнеше жылдан бері пәтерлеріне қол жеткізе алмай жүрген үлескерлер қаланың жаңа әкімі Бақыт Сұлтановпен кездесуді талап етті.(видео)

- Аксы ауданында бапкер балаларды каратеге тегін дайындайды. (видео Директ)​

- «Атаке» отбасындағы озбырлықпен күреседі. "Тең құқықтар мен мүмкіндіктер" қорының жетекшісі Асылбек Эшиев пен суретші Татьяна Зеленская «Атаке» жобасын жүзеге асырады. (фотокөрме)

- Француз суретшілерінің көрмесі адам құқықтарына арналды. Бішкектегі кітапханада француз суретшілерінің көрмесі ашылды. (видео Директ)

- Эммануэль Макрон Парижде Шавкат Мирзияевпен кездесті. (видео Өзбекстан)

- АҚШ-тың БҰҰ-дағы өкілі Никки Хейли отставкаға кетеді. (видео Настоящее время)

- Мүгедек жандардың білім алуы қиын. Қазақстан билігі мүгедек жандардың құқығын қорғау үшін жаңа ұлттық жоспар құрмақ. Ерекше мұқтаждығы бар тұрғындардың қазіргі жағдайы қандай? Үкімет не өзгертпек? (видео)

- Қош бол, Ұстаз! Сіз әркез біздің жүрегіміздесіз. Сұлтан Жұмағұлов 1959 жылы Нарын облысы, Ат-Баши ауданында туған. Ол Қырғыз мемлекеттік университеті журналистика факультетінде білім алған (фотокөрме)

- Құрылыс бизнесіндегі афера. Ресми мәлімет бойынша, Бішкек қаласында шамамен 100 ғимараттың заңсыз құрылысы анықталды. (видео Директ)

- Әкесі Сирияға кеткен 4 жасар Әсияның тағдыры. "Біздің атымыздан емес" жобасының 6-бөлімі

- Сұлтан Жұмағұлов оптимист еді... 60 жасқа қараған шағында Қырғызстанның мәдениет, ақпарат және туризм министрі Сұлтан Жумағұлов өмірден озды (видео / Қырғызстан)​

- Ала-Арчадағы күзгі бояулар. «Әрбір жапырақ гүлге айналатын күз - екінші көктем», - деген Альбер Камюдің сөздері қырғыз жеріндегі Ала-Арчаға арналғандай. (фотокөрме)

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР! МЫҢДАҒАН АУДИО ЖӘНЕ БЕЙНЕЖАЗБАНЫ КӨРУГЕ ЖӘНЕ ӘРІПТЕСТЕР ҮШІН ЛОГОТИПСІЗ БЕЙНЕЖАЗБАЛАРДЫ КӨШІРУ МҮМКІНДІГІМЕН ТАНЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!

XS
SM
MD
LG