Ссылки доступа

"Өзбек әуе жолы": Петр Каримов жұмыстан өз еркімен кетті


Петр Каримов.
Петр Каримов.

"Петр Каримов жұмыстан өз еркімен кеткен" деп мәлімдеді "Узбекистон хаво йуллари" компаниясындағылар. Бұның алдында Өзбекстанның тұңғыш президентінің ұлы әуе компаниясын жалақы төлемеді деп айыптаған.

"Узбекистон хаво йуллари" ұлттық әуе компаниясының баспасөз хатшысы Зумрад Шоджалилованың 11 қазанда мәлімдеуінше, Петр Каримов жұмыстан 2017 жылы өз еркімен кеткен. Одан соң компания Каримовтан жалақысы мен құжаттарын алып кетуін сұраған, деп түсіндірді компания қызметкері.

"Сотқа келер болсақ, біз оған шақырту алған жоқпыз. Петр Каримов біздің Мәскеудегі өкілдікте 2004-2017 жылдар аралығында жұмыс істегені рас. Ол өз еркімен жұмыстан кеткен. Біз құжаттарды тексеріп, оны растайтын фактілер таптық", – деді Шоджалилова.

Еске салайық, Өзбекстанның бұрынғы президенті Ислам Каримовтің бірінші некесінен туған Петр Каримов Мәскеудің Тверь сотына шағымданып, "Узбекистон хаво йуллари" компаниясынан өзіне тиесілі ақшаны өндіріп беруін өтінген. Каримовтың айтуынша, ұлттық әуе компаниясы жалақысын төлемей қойған. Сот отырысы 24 қазанға белгіленді.

XS
SM
MD
LG