Ссылки доступа

Шымкентте "өгей қызына зорлық көрсеткен" күдікті қамалды


Шымкентте 14 жастағы өгей қызын "зорлап, жүкті қылған" күдікті қамауға алынды. Бұл туралы қазанның 11-і күні Азаттыққа қалалық мамандандырылған тергеу сотының судьясы Сержан Айнабеков хабарлады.

Сержан Айнабековтың айтуынша, 1974 жылы туған қала тұрғыны 2004 жылы туған өгей қызын зорлап, жүкті қылған. Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 121-бабымен ("Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері") қылмыстық іс қозғалған.

"Сот күдіктіге тергеушінің бұлтартпау шарасы туралы талап-тілегін қанағаттандырып, 2 айға қамауға алуға санкция берді" дейді судья.

XS
SM
MD
LG