Ссылки доступа

Тәжікстан ІІМ: Таулы Бадахшанда әскери операция болмайды


Тәжістанның құқыққорғау құрылымдары Таулы Бадахшан автономиялық облысында операция жүргізілмейтінін мәлімдеді.

Бірақ ұйымдасқан қылмыстық топтар мен жекелеген азаматтар төрт күннің ішінде қаруларын өз еріктерімен тапсырмаса, ең қатаң шара қолданылады, деп ескертті ТБАО құқыққорғау органының мекемеаралық штабы.

Штабтағылар қылмыстық топ пен жекелеген азаматтардың қолында көп қару-жарақ сақталғанына сенімді. Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінің көзін жою опрерациясы бола қалған жағдайда, бейбіт азаматтардың қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі, делінген штаб таратқан мәлімдемеде.

Бұның алдында шетелдегі тәжік оппозициясының бірқатар өкілі күш құрылымдары мен арнайы қызмет Хорогта жаңа әскери операцияға дайындалып жатқанын хабарлаған.

ТБАО төрағасы қызметін уақытша атқарушы Ёдгор Файзов заңсыз сақталған қарулар 15 қазанға дейін тәркіленетінін мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG