Ссылки доступа

Мәскеуде кісі қағып кеткен қырғыз таксишісіне үкім шықты


Мәскеудің Тверь соты 11 қазанда Қырғызстан азаматы Чынгыз Анарбек уулын 1 жыл 6 ай мәжбүрлі жұмысқа салуға үкім шығарды. Бұл туралы ТАСС хабарлады.

Агенттік мәліметі бойынша, үкім заң күшіне енгенше ол қамауда отырады.

Сот қылмыстық істі қарағанда сотталушының кінәсін толық мойындағанын ескерген. Прокуратура да осындай жаза сұраған. Қорғаушы тарап соттан колонияда өтеуді қажет етпейтін жаза шығаруын өтінген.

Такси жүргізушісі 16 маусымда Ильинка көшесінде жаяу адамдарды қағып кетті. Чынгыз Анарбек уулу бұл оқиғаға дейін жиырма сағат көлік басқарғанын айтқан.

Жол апатынан сегіз адам зардап шекті - жетеуінің жарақаты жеңіл, бір әйелдің денсаулығына аса ауыр емес зақым тиген. 18 маусымда Мәскеу соты Чынгыз Анарбек уулын екі айға қамауға алуға үкім шығарды.

XS
SM
MD
LG