Ссылки доступа

Ауғанстанда тәліптер шабуылынан кем дегенде 15 полицей қаза тапты


Ауғанстанда тәліптердің Құндыз провинциясында жасаған шабуылы салдарынан қауіпсіздік күштерінің кем дегенде 15 қызметкері қаза тапты. Бұл туралы жергілікті шененуніктер хабарлады.

Тәліптер шабуылы осы айда өтетін жалпыхалықтық сайлаулар қарсаңында жасалып отыр.

Провинция кеңесінің өкілі Амруддин Валидің айтуынша, шекара полициясының 15 қызметкер 11 қазанда Калайи-Зал ауданындағы тексеру-өткізу бекетіне жасалған шабуылдан қаза тапқан. Полицияның ондаған қызметкері жараланған. "Талибан" қозғалысы шабуыл жауапкершілігін мойнына алды.

Бұл уақытта, Ауғанстанның Вардак провинциясында жүргізілген әскери операция нәтижесінде кем дегенде 21 содырдың көзі жойылғаны хабаланды. Ауғанстан ұлттық қауіпсіздік директоратының хабарлауынша, содырлар 20 қазанға белгіленген парламент сайлауына бөгет жасау мақсатында шабуыл ұйымдастырмақ болған.

XS
SM
MD
LG