Ссылки доступа

Түркіменстан халқы нан тапшылығына төзбей, елден көшіп жатыр


Очередь за хлебом перед в продовольственным магазином на рынке в Абаданском этрапе Ашхабада, 16 октября 2018 г.

Түркіменстанның аймақтарында нан мен ұн тапшылығы артқан сайын, халық елден көптеп көшіп жатыр, деп хабарлады "Хроника Туркменистана" басылымы.

Мары уәлаятына қарасты Тазабазар этрапында есік-терезесі құлыптаулы жеке үйлерді көптеп кездестіруге болады. Дәл осындай көрініс Байрамали, Йолетен, Туркменгала және Мургаб аудандарында көзге бірден шалынады. Бірқатары біржола көшіп кетсе, кейбірі уақытша басқа мекенді паналауға мәжбүр.

Тұрғындар нан мен ұн тапшылығынан амалсыз көшетінін ашып айтты. Бұған дейін ай сайын бірінші сорттағы ұннан алты келі беріліп келсе, қазір бірінші сорттан бес келі және қара ұннан бір келі ғана сатылады. Бірақ қара ұнның өзін бірінші сорттағы ұнның бағасымен сатады. Бір келі ұн - 1 манат.

Әсіресе ауылды елді мекендерде жұмыссыздық жайлаған, алды келі ұнның өзін сатып алуға кейбір адамдар ақша таппай отыр. Оны уақытылы сатып алмаса, ол келесі айға қосылмайды.

Ұн мемлекеттік дүкендерге аз түседі, оның өзінде кешігіп келеді. Сол себепті тұрғындар ертерек кезекке тұруға асығады. Кейде дүкен алдында 200 және одан да көп адам кезекке жиналып қалады. Адамдар кезекке таңғы сағат 6-дан тұрады. Халық кісі басына екі бөлкеден үлестірген күннің өзінде, нан барлығына жетпейтінін түсінеді. Соған байланысты кейде кезекте тұрған адамдар жиі керісіп қалады. Ірі қалалар болмаса, полиция мемлекеттік дүкендердегі тәртіпке қарай бермейді.

Шетелге көшу қиын, бірақ ауыл тұрғындары соңғы ақшаларын жинастырып, көршілері мен таныстарынан қарыз алып көшуге мәжбүр. Кейбіреулеріне шетелдегі туыстары азын-аулақ қаражат аудару арқылы көмек көрсетеді.

XS
SM
MD
LG