Ссылки доступа

Астанада ҰҚК қызметкерінің мәйіті табылды


Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) департаментінің қызметкері Астанадағы "Аланда" қонақ үйінен өлі күйінде табылды деп хабарлады 16 қазанда ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Ақпаратқа қарағанда, ҰҚК қызметкерінің денесінде қинап өлтіру белгілері байқалмаған.

Министрлік тергеу мүддесіне байланысты марқұмның аты-жөні мен басқа да толымды ақпарат беруден бас тартып отыр.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті әзірге бұл оқиғаға байланысты мәлімдеме жасамады. Қонақ үй қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр.

XS
SM
MD
LG