Ссылки доступа

Түркіменстанда дәрі бағасы екі есе қымбаттады


Аптека, Ашхабад
Аптека, Ашхабад

Түркіменстанның мемлекеттік дәріханаларында дәрі-дәрмек бағасы көтеріліп барады.

Азатлыктың Ашхабадтағы тілшісінің хабарлауынша, жыл басынан бері дәрі-дәрмек бағасы кем дегенде екі есеге қымбаттаған.

"Мысалы, "Кавинтон" 65 манаттан (шамамен 18 доллар) 113 манатқа қымбаттады. "Нистатин" 6-дан 12 манатқа дейін көтерілген", - деп хабарлады тілші. "С" дәруменінің бағасы төрт есеге көтерілгені анықталды.

Кейбір дәрі-дәрмектің бағалары үш-төрт есеге өскен.

Ашхабадтағы мемлекеттік дәріханаларда дәрі-дәрмек түрлері көп болмайды, қазір тіпті азайып кеткен. Ал жекеменшік дәріханалардан барлық дерлік дәріні табуға болады, бірақ ондағы баға тым жоғары.

Азатлык тілшісінің хабарлауынша, дәрі бағасының көтерілуі "қара базардың" туындауына, сонымен бірге мерзімі өтіп кеткен препараттардың саудалануына әкеп соқтырды.

XS
SM
MD
LG