Ссылки доступа

Дональд Трамп: журналист Хашоггиді "шынымен өлтіргенге ұқсайды"


Джамал Хашогги
Джамал Хашогги

АҚШ президенті Дональд Трамп Сауд Арабиясының журналисі Жамал Хашоггиді "шынымен өлтіргенге ұқсайды" деп мәлімдеді. Ақ үй басшысы журналистер сауалдарына осылай жауап берген.

Трамп тергеудің ресми қорытындысын күтетінін, журналист өліміне Сауд Арабиясының билігі қатысты болса, Эр-Рияд үшін оның салдары ауыр болатынын ескерткен.

Түркия билігі журналист Хашоггидің жоғалуына Сауд Арабиясының Стамбулдағы консулдығының қызметкерлері қатысты деп есептейді. Ол 2 қазанда консулдық ғимаратына кірген соң жоғалып кеткен. Журналист ажырасу туралы құжат алуды жоспарлаған. Түрік тергеушілері журналисті консулдық ғимараты өлтірген деп топшылайды. Эр-Рияд бұл айыптауларды жоққа шығарды.​

АҚШ Сауд Арабиясымен қарым-қатынас орнатқан, соның бірі қорғаныс және қауіпсіздік салаларына қатысты - бұл елге қару-жарақ жеткізіп отыр.

Журналист Хашогги Сауд Арабиясынан қашып кеткен, АҚШ-та тұруға ықтиярхаты болған, сол елден The Washington Post газетіне мақалалар жазған. Мақалаларында ол Эр-Риядтың қазіргі саясатына қарсы шыққан.

XS
SM
MD
LG