Ссылки доступа

Өзбекстанда бұрынғы әскери шенеуніктер сотталып жатыр


Өзбекстанда мемлекеттік айыптаушы судьядан бұрынғы әріптестері - Әскери соттың судьяларын және Ұлттық қауіпсіздік қызметінің бұрынғы басшыларына ұзақ мерзімге жаза сұрады.

Мемлекеттік айыптаушы ҰҚҚ бұрынғы төраға орынбасарлары, полковник Шухрат Ташпулатовқа 12 жыл, генерал-майор Хаёт Шарифходжаевқа 14 жыл, полковник Нодир Туракуловқа 16 жыл және подполковник Эргашевқа 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады.

Мемлекеттік айыптаушы сонымен бірге жоғарыда аты аталған бұрынғы басшыларды әскери атақтарынан айыруын сұрады. Әскери шенеуніктерден басқа сот алдында бірнеше кәсіпкерлер жауап беріп жатыр. Прокурор оларға 6 жылдан 10 жылға дейін түрме жазасын сұрады.

Жауап берушілерге алаяқтық жасады, қызметін асыра пайдаланды, бопсалады деген айыптар тағылған.

XS
SM
MD
LG